Алматы маңындағы төрт ауыл карантинге жабылды

f1.mirkvartir.me
Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданындағы саяжайға арналған - Алтын Адам, Көксай, Алтын Алма және Береке ауылдары карантинге алынды.

Еңбекшіқазақ ауданында саяжайға арналған 4 елді-мекенде CVI жұқтырудың тоғыз жағдайы тіркелуіне байланысты дереу карантин қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, науқастармен тығыз және ықтимал байланыста болған адамдардың барлығы уақытша ауруханаға жатқызылды.

Олардан сынама алынды. 9 адамның CVI жұқтырғаны расталды. Осыған байланысты облыстық штабтың келісімі бойынша бірден Еңбекшіқазақ ауданындағы саяжайға арналған - Алтын Адам, Көксай, Алтын Алма және Береке ауылдары карантинге алынды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша үйінен мүлде шығуға болмайтын тұрғындардың тізімі жасалды, қажет болған жағдайда олар азық-түлік себетімен және қажетті қызметтердің толық жиынтығымен қамтамасыз етіледі, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бұл шешімді Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері қабылдады. Енді бұл ауылдарда карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер күні-түні күзетеді.

Жаңадан анықталған науқастар - осы өңірдегі 11-ші ауру жұқтырған адамның тікелей туыстары. Барлық азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырамыз, - деп толықтырды баспасөз қызметі

Бұған дейін 12 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 21 дерегі тіркелгені белгілі болды. Талғар ауданында бір қыз осы өңірде анықталған 11-ші науқаспен байланыста болғаны анықталған.

12 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында CVI-нің 21 жағдайы тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады