Алматы облысында карантин тәртібін бұзудың 107 дерегі тіркелді

zakon.kz
Қарасай ауданында 26 дерек және Талдықорған қаласында 14 дерек тіркелгені белгілі болды.

Коронавирус індетінің белең алуына байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет түріне ауысқанын барлығы біледі. Дегенмен, Алматы облысындағы санитарлық-алдын алу шараларын бұзуға бейім 100 астам тұлға анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста ҚР ӘҚбК 476-бабының талаптары 107 мәрте бұзылғаны белгілі болды. Төтенше жағдай тәртібін бұзуға жол берген 41 тұлға қамаққа алынып, 46 азамат айыппұл арқалаған. Қалған құқық бұзушылар ескерту алумен шектелген.

Оның ішінде ең көп тіркелгені – 49 рет карантин аумағына кіруге немесе тыйым салынған аумақтан шығуға әрекет еткен. Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылған. Карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзуді бұзғаны үшін 33 хаттама жазылған. Сотшешімімен 27 тұлғаға айыппұл салынып, екі азамат әкімшілік қамаққа алынған.

Құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша Іле ауданының полицейлері 34 деректі әшкерелепе топ бастаса, Қарасай ауданында 26 дерек және Талдықорған қаласында 14 дерек тіркелгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды