Қазақстанда коронавирустан жаңадан емделіп шыққандар бар, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматыда 8 адам КВИ-ден сауығып, ауруханадан шықты. Қазақстанда бүгіндері жаңа вирус түрінен емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 150 адам, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Алматыда коронавирустан жазылғандардың төртеуі - ер адам және төртеуі - әйелдер. Олардың жетеуі бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар, біреуі - Петербургтен ұшып келген. Олардың барлығы енді өз үйінде 14 күн карантинде болып, медициналық қызметкерлердің бақылауында болады, деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін сағат 16: 00 уақыты бойынша, Қазақстанда барлығы 150 адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шығарылды, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 64, Алматыда - 58, СҚО-да - 1, Ақтөбе облысында - 2, Жамбыл облысында - 3, Павлодар облысында - 1, Алматы облысында - 5, Қарағанды облысында - 1, Шымкентте - 2, Атырау облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Ақмола облысында - 4 науқас.