Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлер 2 миллион теңге өтемақы ала ма?

Depositphotos
Медицина қызметкері коронавирус жұқтырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленуі керек.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев коронавирусты жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленеді ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарлықта жұқпалы аурулар ауруханаларында және уақытша құрылған арнайы станционарларда жұмыс істейтін және коронавирус және олармен тығыз әрі ықтимал байланыста болған науқастармен тікелей жұмыс жасағандарға 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленуі керек (ауруды жұқтырған жағдайда). Бірақ, менің ойымша, дәрігерлік міндеттерін орындау кезінде медициналық ұйымдарда ауру жұқтырып алған барлық дәрігерлер комиссияның шешімімен өтемақы алуы керек, - деді Әбілдаев.

Бүгін Алматыда коронавирусты жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218-ді құрады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавируспен күрестегі дәрігерлерге төленетін төлем мөлшерін бекіткен болатын. Медицина қызметкері коронавирус жұқтырған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге, қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге біржолғы әлеуметтік төлем төленуі керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді