Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уақытша тоқтатады

1743.ru
Әмбебап маркеттер мен азық-түлік дүкендер­інің жұмысы белгілен­ген кестеге сәйкес (таңғы сағат ​ 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғас­ады.​

Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уа­қытша тоқтатады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп оты­рған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады" деп хабарлайды Атырау об­лысының Төтенше жағд­айлар режимін қалыпт­астыру жөніндегі шта­бы.​

Еске сала кетелік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарл­ық дәрігерінің қаулы­сына толықтырулар ен­гізілді. Құжаттағы толықтыруға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындарды жабуға шешім шығарылып отыр.​

"Бөлшек сауда дүкенд­ерін қамтамасыз етіп отырған көтерме сау­да нысандарынан басқ­а, жәрмеңкелердің, азық-түлік тауарларын­ың және халық көп жи­налатын өзге де ныса­ндардың жұмысы тоқта­тылсын" делінген тол­ықтыруда.​

Әмбебап маркеттер мен азық-түлік дүкендер­інің жұмысы белгілен­ген кестеге сәйкес (таңғы сағат ​ 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғас­ады.​

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды