Депутаттар сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды талқылады

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.

Бүгін Мәжілісте депутат Снежанна Имашева бастаған жұмыс тобы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға енгізілетін түзетулерді талқылады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәрілерге тым қауіпті коронавирустан қырылып қалмауы үшін отырыс бейнеконференция форматында Мәжіліс депутаттары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор, сондай-ақ "Ауыл" және ЖСДП парламенттік емес саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Заң жобаларымен жұмыс барысында депутаттар саяси партиядан депутаттыққа кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеуге қатысты бірқатар баптарды нақтылады. Осы орайда заң жобаларының негізгі новелласы болып саналатын партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30 пайыз квотаны енгізу мәселесіне баса наза аударылды.

Талқылау барысында "Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы" төрайымы Раушан Сарсембаева, Еуразиялық технологиялық университетінің Адам құқықтарын, инклюзия және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры Халида Әжіғұлова, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов және "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының басшысы Андрей Чеботарев өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, "Ауыл" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов және басқа да қатысушылар пікірлерін білдірді.

Заң жобасы бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: