Сағынтаев 20 сәуірден бастап жұмысқа кірісетін кәсіпорындарға ескерту жасады
24.kz
Тәртіпке бағынбаған жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 20 сәуірден бастап жұмысын қайта бастағалы тұрған кәсіпорындар мен құрылыс нысандарының дайындығын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.
Салынып жатқан "Terra" ТК, заңды тұлғаларға арналған ХҚКО, Hyundai Trans Kazakhstan, АЗТМ және "Алматыэнергосервис" зауыттарында болдым. Кеше өнеркәсіп және құрылыс секторлары компанияларының басшыларымен өткен кеңесте қызметкерлердің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық, - деп жазды ол әлеуметік желіде.
Басты талап — жеке қорғану құралдары мен санитайзерлердің болуы, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету. Бұл шарттардың тұрақты орындалуы маңызды. Санэпидемиологтар мен "Атамекен" ҰКП өкілдерінен құралған комиссия мүшелері шарттың орындалуын бақылауға алады. Тәртіпке бағынбаған жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. Ал компанияның қызметі ТЖ режимі аяқталғанға дейін тоқтатылады.
Сондай-ақ, індет жұқтырушымен байланыста болғандар және СОVID19-ға күдікті адамдар үшін салынып жатқан 280 орынға арналған госпиталь құрылысының барысымен таныстым. Нысан 90%-ға дайын. Персонал іріктеліп, жабдықтар жинақталуда, - делінеді жазбада.