42500 теңге алғаны үшін ешкімді соттамаймыз – министр

Сурет: zakon.kz
Әлеуметтік төлем 3 млн 960 мың адамға тағайындалды. Жалпы сомасы 157 млрд теңгені құрады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 42500 теңгені заңды алған да, заңсыз алған да бір де бір адамның қылмыстық жазаға тартылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жауапкершілік жөнінде. Өкінішке қарай, соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желілерде, қоғамда 42500 теңге алғандарды қылмыстық жауапкершілікпен жазалайды екен деген әңгіме көп таралуда. Құрметті азаматтар! Менің айтарым, бір де бір адам 42500 теңгені алғаны үшін, тіпті жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды, деді ол.

Төтенше жағдай салдарына байланысты өздерінің табысынан, жалақыларынан айырылғандарға арналған әлеуметтік төлем 3 млн 960 мың адамға тағайындалды. Жалпы сомасы 157 млрд теңгені құраған.

- Уайымдамаңыздар! Сізге төленді ме, алыңыздар, жаратыңыздар, деп қосты министр.

Неге біз ешкімді тексермейміз? Себебі бұл әлеуметтік төлем – әлеуметтік бағыттағы төлем. Елде осындай төтенше жағдай болмаған күннің өзінде де бізде халықтың басым бөлігінің табысы аз екені түсінікті. Жалақы төмен. Зейнетақы мен жәрдемақылар жоғары емес. Сондықтан көпшілік осы төлемді алсам деген. Біз жаппай ешкімді тексеріп жатпаймыз. Жеке тұлғалар болсын, жеке кәсіпкер болсын – ешкімді де тексермейміз. Уайымдамаңыздар! Сізге төленді ме, алыңыздар, жаратыңыздар, - деді Нұрымбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты