Қазір маған келеді: Марғұлан Сейсембай сақалын алып, киініп дайын отыр

pravda.rv.ua
Кеше түнде Алель Агро басшылығын ұстап әкетті. Бүгін күні бойы банктерден құжаттар тәркіледі.

"Үйімнің сыртында 30-40-қа жуық комитетчик торуылдап жүр", деп дабыл қаққан миллиардер Марғұлан Сейсембай қазір адвокат жалдап, сақалын алып, тамағын жеп, парольдерін ауыстырып, өз үйінде тас-түйін дайын отыр.

Комменттер мен мессенджерлерде менің үйім жаққа келіп, қолдау білдірейік дегендер көп. Олай етпеңіздер, карантин тәртібін бұзды деген баппен өздеріңіз істі болып қаласыз. Менде әзірге бәрі қалыпты. Үйде отырмын. Сақалды алып тастадым. Киімімді киіп, тамақ жеп алдым. Барлық аккаунтарымнан шығып, парольдерімді ауыстырып қойдым. Дайын отырмын, деп жазыпты ол.

Бұған дейін Марғұлан Сейсембай "Маған келген сияқты" деп жазған болатын.

Кеше түнде Алель Агро басшылығын ұстап әкетті. Бүгін күні бойы банктерден құжаттар тәркіледі. Үйімнің жанында 30-40 адам жүр. Комитетчиктер сияқты, деген еді ол.

Фото: nehabar

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді