Алматы облысында Есік қаласы мен Шелек ауылы карантинге жабылды

КТК
Шектеу шараларының режимі мен мерзімдері COVID-19 - жаңа вирусының таралу деңгейіне қарай өзгертілуі мүмкін.

Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен Шелек ауылында коронавирус инфекциясының көптеп тіркелуіне байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Миржан Әзірбаев экономикалық және (немесе) басқа қызметке және халықтың өміріне ерекше жағдайлары бар карантиндік режимді енгізу туралы тиісті шешімдерді қабылдады.

Осы шешімдерге сәйкес, Есік қаласы мен Шелек ауылының периметрі бойынша карантиндік аймақтардың шекаралары бір күн бұрын 00.00-ден бастап белгіленіп, блок-бекеттер қойылды. Шектеу шараларының режимі мен мерзімдері COVID-19 - жаңа вирусының таралу деңгейіне қарай өзгертілуі мүмкін.

Қабылданған шешімдерде Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы жедел жәрдем қызметі жұмысының ерекшелігіне баса назар аударылған.

Сонымен, ауруханалардағы бөлімдер 3 В қағидаты бойынша жұмыс істеуге көшеді: бейнебақылау, желдету және визуализация. Әр ауысым басқа ауысымның адамдарынан оқшауланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз