Нұр-Сұлтанда тәулік бойы үздіксіз зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Александр Куприенко
Зарарсыздандыру жұмыстары жер үйлер орналасқан аудандарда да жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция жұмыстары тәулік бойы екі ауысымда жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің дерегінше, күн сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізуге 500-ден астам адам шығады. Қалалық қызметтермен бірге дезинфекцияға қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысады.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес дезинфекция жұмыстары күшейтілді. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Барлық аудандар қамтылды. Арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің машиналары да бар. Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, тротуарлар, үй іші аумақтары мен кіреберістер, жолдар дезинфекцияланып жатыр. Автокөліктер де инфекцияны тарата алады. Демек, жолдарды да арнайы ерітіндімен өңдеу маңызды", - деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Дезинфекция жұмыстары жеке секторды да қамтиды. 2800-ден астам тұрғын үй кешені үшінші рет өңделіп жатыр. Қалада жүріп жатқан абаттандыру жұмыстары - қоршауларды, металл құрылымдарды, жолдарды жуу - дезинфекция жұмыстарына көмектесуде.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасына сәйкес карантин кезінде жұмыс атқарып жатқан коммуналдық қызметкерлер сыйақы алады. 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің айлығы өсті, сыйақы берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды