1 маусымнан бастап заңды тұлғалардың қолма-қол ақша алуы шектеледі

zakon.kz
Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны алуы жөніндегі талаптарды өзгерту туралы.

2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергенін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰБ Басқармасының шешімімен бүгін бекітілген Қолма-қол ақшаға айналдыруға рұқсат берілген соманың шекті мөлшерін белгілеу туралы қағидалар 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Қағидалар:

· жеке тұлғаларға;

· дара кәсіпкерлерге;

· микрокәсіпкерлік субъектілеріне;

· ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, балық өсіру өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

· тамақ өнімдерін, сусындарды, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Ұлттық Банк заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы үшін мына шекті соманы белгілейді:

· шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 млн теңге;

· орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 млн теңге;

· ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 млн теңге.

Заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерге тиісті негіздемені ұсынған кезде белгіленген лимиттен артық алуға рұқсат беріледі. Өз кезегінде, ЕДБ соманы ұлғайтуға арналған өтінімді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты