Камалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып кетті

Алдында ол ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы вице-министрі Надыров Камалжан Талғатұлы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағайындау туралы жариялады.

Камалжан Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2006 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетін, 2009 жылы "Экономист" мамандығы бойынша "Тұран" университетін, 2014 жылы "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебін, 2020 жылы "Бизнес әкімшілендіру" (Executive MBA) мамандығы бойынша Executive MBA "Назарбаев Университеті" ДБҰ-да бітірді.

Өзінің еңбек жолын Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында – клиника ординаторы болып бастады, одан кейін ұйымдастыру-әдістемелік бөлімді басқарды, Бас директордың әкімшілік-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары болды.

2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде – Стратегиялық даму және Медициналық қызметтерді стандарттау департаменттерде басшылық лауазымдарында қызмет атқарды "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі топ жұмыс тобының мүшесі болды.

2016 жылдан бастап 2017 жыл аралығында "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ның Республикалық диагностикалық орталығын басқарды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 27 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: