Ноғаев ОПЕК+ министрлерінің телеконференциясына қатысты

opuskinetic.org.
Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 17 доллардан төмендеді.

ОПЕК+ елдерінің бірқатар министрі телеконференция өткізіп, мұнай нарығындағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Телеконференцияға ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.

"Ықпалдастық туралы Декларацияға қол қойған ОПЕК және ОПЕК-ке енбейтін елдердің бірқатар министрі мұнай нарығында қалыптасқан ағымдағы жағдайды талқылау үшін ресми емес телеконференция өткізді... Министрлер 12 сәуір күні министрлер деңгейінде өткен ОПЕК-тің 10-конференциясында (кезектен тыс) қабылданған шешімді жоғары бағалады. Олар мұнай өндірісінің көлеміне түзету енгізу туралы аталмыш видеоконференцияда қол жеткізілген келісімге бейілділігін қуаттады", - делінген ОПЕК+ ұйымының Facebook-тегі парақшасында.

ВВС хабарлауынша, сейсенбі күні кешке Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 18 доллардан төмендеді. Бұл 2002 жылдан бері алғаш болып отыр. Лондонның ICE Futures сауда-саттық нарығында Brent мұнайының маусым айындағы фьючерстері Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 22 сәуір түнгі сағат 00:00-дегі жағдай бойынша бір баррель үшін 17,78 долларды құрады. Оның алдыңғы сессиямен салыстырғанда баға 7,79 долларға немесе 30,47% арзандады. Бұған АҚШ-тың мамыр айында жеткізілетін WTI мұнайына келісім-шарт бағаларының құлдырауы себеп болды.

Осы марка бағасы дүйсенбі күні кешке баррель үшін минус 40 долларға дейін түсті. Келісім-шартты жасасқандар оларды сатып алуға ниет білдіргендерге үстінен ақша қосып беруге дайын болды. Қазір маусым айында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерсі бір барреліне 7 доллардан да төмен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты