Оңтүстік Кореяда жаппай төбелескен Қазақстан азаматтары ұсталды

inform.kz
Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

18 сәуірде Оңтүстік Корея қалаларының бірінде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары жаппай төбелескен, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың ақпараты бойынша, оқиғадан соң жергілікті полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының 19 азаматын ұстады.

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореядағы елшілігінің консулдығы болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр. Біздің дипломаттар бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап, жергілікті полиция және көші-қон қызметімен байланыс орнатуда, - деді Смадияров.

Жанжал бір күн бұрын белгілі болды. Бұл жаңалықтың видеосы JEXENNEWS Telegram каналында жарияланды.

19 сәуірде Оңтүстік Кореяда Қазақстан Республикасының азаматтары төбелесіп, пышақтасқан, оған қатысқан 16 адам ұсталды. Қазақстан Республикасының Консулдығы бұл жайттан қанық. Жаппай төбелеске қатысушылардың бәрі - еңбек мигранттары, деп хабарлады Telegram арнасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді