Каспийде заңсыз балық аулаған Әзербайжан азаматтары ұсталды

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 11 сәуірде балықтарды қорғаудың "Бекіре" кең көлемді акциясы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.

Көрсетілген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" 3-бөлігі 287-бабы және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу" 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды