Алматы облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тағы 3 жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, науқастар - 1979 жылғы Талғар ауданының, 1983 жылғы Іле ауданының және 1969 жылғы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары.
Екі адам Қарасай ауданының Орталық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне, біреуі Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Олармен байланысқа түскен 38 адам анықталды, эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Осылайша, Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 65 адамға жетті.