Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін - Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Ораза айының келуімен құттықтаймын!

Бұл – айлардың ұлығы, барша мұсылман қауымын тазаруға бастайтын, сенімін нығайтып, рухани тұрақтылықты шыңдайтын уақыт.

Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді. Қазіргі қиын кезде Ораза қуаныш пен бақыт сыйлайды, тыныштық пен сабыр береді, сенімді нығайтады деп үміттенемін.

Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Д.Н.Назарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті