Шымкентте КВИ-де көз жұмған науқастың қосымша созылмалы дерті болған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Ол 20 сәуірде Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Шымкенттегі коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Науқас - 1968 жылғы Шымкент қаласының Абай ауданының тұрғыны. Ол 20 сәуірде Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқас бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Науқаста кардиомиопатия, атриальды фибриляция, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті сияқты қосымша аурулары болған, делінген хабарламада.

Емдеу хаттамаларына сәйкес науқас барлық қажетті емдік шаралардан өтті, республикалық мамандармен бірнеше рет консультациялар өткізілді. Реанимациялық шараларға қарамастан, 23 сәуірде 20:30 минутта науқас қайтыс болды. Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды