Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша босатылды

Атырау облыстық ӨҚО
Қазіргі уақытта медициналық мекеме басшылығының коронавирус инфекциясының таралуына жол беру фактісі бойынша комиссия құрылды.

Жұмыс комиссиясы Covid-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі медициналық мекеме басшылығының іс-қимыл тәртібін зерттеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Сайын Шомиров Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметінен уақытша босатылды. Қазіргі уақытта медициналық мекеме басшылығының коронавирус инфекциясының таралуына жол беру фактісі бойынша комиссия құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде санитарлық бас дәрігердің шешімі бойынша облыстық ауруханадан 22 науқас пен дәрігерлердің коронавирус инфекциясын жұқтырғанына байланысты аурухана карантинге жабылған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда Атырау облыстық ауруханасының 10 медициналық қызметкерлері және 12 науқастың КВИ жұқтыру фактісі анықталды.

Қазіргі уақытта комиссия Covid-19 инфекциясының алғашқы және кейінгі фактілерін тіркеу кезіндегі аурухана басшылығының іс-әрекеттерін тексеруде. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша қазіргі бас дәрігерді қызметінен босату немесе қызметінде қалдыру мәселесі бойынша шешім қабылданады, деп хабарлады Шұғыл штабтағылар.

Айта кетейік, облыстық аурухана қазір қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, науқастарға төтенше жағдайда қызмет көрсетілуде. Науқастарға жеті бөлім - гинекология, гематология, нейрохирургия, травматология, нейротравматология, хирургия және реаниматология бөлімі қызмет етеді. Карантиннен кейін 160 медицина қызметкері жұмысқа шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз