ШҚО-да волонтерлар көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Сондай-ақ, көпбалалы ана елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмысынан айырылған күйеуіне 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем ақы алуға да көмек көрсетілгенін атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көмек қолын созуды сұрап, өтінім жасаған көпбалалы ана, Гүлпаршын Омарға көмек көрсетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс басшысының жеке парақшасына жағдайымды айтып, қол ұшын беруді сұрадым. Ертеңінде маған жауапты сала мамандары хабарласты. Мен оларға мән-жайды түсіндірдім. Сөйтіп, облыс әкімінің қолдауымен облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жуықта ғана дүниеге келген сәбиімнің туу туралы куәлігі мен көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алу үшін қажетті құжаттарды жинастыруға көмек көрсетті, - деді Гүлпаршын Омар.

Сондай-ақ, көпбалалы ана елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмысынан айырылған күйеуіне 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем ақы алуға да көмек көрсетілгенін атап өтті.

Елімізде болып жатқан жағдайға қарамастан біз сияқты жандарды назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсетіп жатқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамын. Осындай қиын кезеңде біз шын мәнінде жалғыз емес екенімізді, бірге екенімізді білдік - деді Гүлпаршын Омар.

Айта кетейік, волонтерлар осы көпбалалы отбасыға қажетті азық-түліктерді әкеп берді. Сондай-ақ, 21 500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

"Облыстық ішкі саясат басқармасының жастар ресурстық орталығының мамандары мен волонтерларға рақмет айтқым келеді, - деді көпбалалы ана".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: