Тоқаев дамбаның жарылуына байланысты Мирзиеёвпен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Қос елдің басшысы бірқатар жаңа бағдарламаларды да талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар қазіргі жағдай мен қос елдің шекаралас аймақтарындағы Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Президенттер өз үкіметіне келісілген жұмысты қамтамасыз етуді және туындаған барлық мәселелерді жедел шешуді тапсырғаны атап өтілді.

Екі елдің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тұру және оның екіжақты сауда-экономикалық байланыстарға теріс әсерін азайту жөнінде қолға алынған тиімді шаралар өзара қолдауға ие болды.

Қостанайда бірлескен кәсіпорнында автомобиль өндірісін кеңейтуді де қамтитын, сол секілді ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің нарығына шығару, заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және басқа бағыттар бойынша экономиканың басым салаларында бірқатар жаңа ынтымақтастық бағдарламалары мен жобаларын дайындау және оларды іске асыру туралы өзара келісімге қол жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты