Түркістандық оқушыларды чиптеу туралы желіде пайда болған видеоға қатысты түсінік берілді

Pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі халықты күмәнді ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы мектеп оқушыларын чиптеп жатқанға ұқсайтын деректі фильмнің үзіндісі пайда болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде халықты жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы фотосуреттер мен аудио хабарламалар тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Осыған байланысты мен барлық азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді материалдарға сеніп қалмауға және сенімді ақпарат көздері таратқан мәліметтерге сенуге шақырғым келеді. Жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар жауапкершілікке тартылатындығын еске салғым келеді, - деді Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық мектеп оқушыларын чиптеп жатқаны туралы видео тараған. Онда чиптің арқасында ата-аналар балаларын қашықтан басқара алатындығы, тестті АҚШ үкіметі қаржыландыратыны айтылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз