Алматыға кіре берісте ұзын-сонар тізілген көліктер қалаға кіре алмай, кептеліп тұр, деп хабарлайды zakon.kz.
Инстаграмдағы "Kris_p_almaty" парақшасында жарияланған мына видеода бұл көлік кептелісі Талғар тас жолында таңертең 6: 30-да түсірілгені айтылады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАлматы-Талгар актуально на 6:30 утра... многокилометровые пробки в сторону города...
Дәл осындай көрініс: "Алтын-Орда" базары маңы, таңертеңгі сағат 7 шамасы. Блок-бекеттегілер адамдарды қалаға кіргізбей жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі төтенше жағдай жойылғаннан кейін де Алматыдағы карантин режимі сақталатынын хабарлаған болатын.
Қаланың әр шетіне қойылған бақылау-өткізу пункттері жұмысын әрі қарай жалғастырады және бұрынғы қабылданған қалаға кіру және шығу ережелері сақталады. Қалада рұқсат алған кәсіпорындар ғана жұмыс істей алады. Қоғамдық көліктің жұмыс режимі өзгеріссіз қалады: сағат 06: 00-ден 19: 00-ге дейін.
Сонымен қатар, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды маска киіп жүруге, дезинфекциялық құралдарды қолдануды жалғастыруға шақырды.