Микроқаржы ұйымдарының капиталдарына талаптарды ұлғайту мерзімі 6 айға шегерілді

7kun.kz
Талап етілген мерзім 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстырылды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарының капиталдарына талаптарды ұлғайту бойынша мерзімдерді 6 айға, яғни 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазіргі уақытта микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын және төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларға төлемдер мерзімін кейінге шегеруді ұсынатын ұйымдар операциялардың жүргізілуін тоқтата тұрды және олардың жарғылық капиталды уақтылы толықтыруға мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарына қойылатын жоғары талаптарды белгілеу келесі жылдың басына ауыстырылды", - дейді агенттік.

Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені, өзге өңірлерде 10 000 000 (он миллион) теңгені құрайды.

Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдары үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені, өзге өңірлерде 50 000 000 (елу миллион) теңгені құрайды.

Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталықтарында өз қызметін жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 10 000 000 (он миллион) теңгені, өзге өңірлерде 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды.

Заңды тұлғалар ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген (қызметін жүзеге асыру орнына қарамастан) кредиттік серіктестіктер үшін, жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңгені құрайды.

Қаулының толық мәтіні және Қаулыға Қосымша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz ресми сайтында, "Агенттіктің НҚА" деген бөлімде орналастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты