Алматы облысында әр жерде қойылған санитарлық бекеттер алынбайды

ҚР ІІМ
Осыған байланысты біз Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарынан осыған дейін талап етілген барлық ережелерді сақтап, сабырлы болуды сұраймыз!

11 мамырда Мемлекет басшысы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткізді. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жағдай жақсарған сайын әр кезеңде карантиндік шектеулер біртіндеп алынатынын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысының әкімдігі осыған байланысты басқа облыстармен және Алматы қаласымен шектесетін жерде орнатылған блок-бекеттерді алып тастау ақылға қонымсыз деп санайды. Сонымен қатар, облыс аудандарының шекарасында қойылған санитарлық посттар да сақталады. Дегенмен, қазіргі уақытта Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қай аудандарда карантиндік режимнің жұмсартылатынын анықтайтын жаңа қаулы әзірлеуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Осыған байланысты біз Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарынан осыған дейін талап етілген барлық ережелерді сақтап, сабырлы болуды сұраймыз", - деп сөзін толықтырды департаменттегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды