42 500 теңге жәрдемақы алу үшін өткізілетін өтініштер енді қабылданбайды

zakon.kz
11 мамырға дейін өткізілген өтініштерді Еңбек министрлігі қарайды және оны орынды деп тауып жатса, бұл азаматтарға 42 500 теңге төлейді.

11 мамырдан бастап 42500 теңге жәрдемақы алу үшін өтініштер қабылданбайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

"11 мамырдан бастап 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш қабылдау тоқтатылды. 11 мамырға дейін өткізілген өтініштерді Еңбек министрлігі қарайды және оны орынды деп тауып жатса, бұл азаматтарға 42 500 теңге төлейді", - деді ол.

Мұндай төлемді елімізде 4,5 миллион адам алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды