Екі өңірде заңсыз сатылған дизель мен бензин тәркіленді

bestnews.kz
Тексеру барысында 21 780 литр дизель отыны мен 1000 литр бензин тәркіленді.

Еліміздің екі өңірінде 20 мың литрден астам дизель отыны мен 1000 литр бензинді заңсыз сату фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің басым бағыттарының бірі мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес болып табылады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері шығару заңдылығын растайтын құжаттарсыз жанар-жағармай материалдарын заңсыз сақтау мен сату фактілерінің жолын кесті.

Тексеру барысында 21 780 литр дизель отыны мен 1000 литр бензин тәркіленді.

Петропавловск қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 197-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді, ал Қазығұрт ауданының Қақпақ а. тұрғынына қатысты ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды