Блок-посттан ақшаға адам өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды

acca.media
Сот олардың мемлекеттік қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салды.

13-14 мамырда Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының №2 аудандық соты Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары Аденов К.Е. мен Оразов С.С.-ке үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аденов пен Оразов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынды.

Сот олардың мемлекеттік қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салды.

Сонымен қатар, осы үкіммен Уджур В.И. пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған шенеуніктер төтенше жағдай және "COVID-19" коронавирустық инфекциясының еліміздің басқа аймақтарында таралуын болдырмау мақсатында Алматы қаласының аумағына кіруге/шығуға тыйым салатын карантиндік режим кезінде Жетісу ауданындағы блок-постта кезекшілікте болғанда делдал арқылы бірнеше рет Алматы қаласының тұрғындарын бекеттен кедергісіз өткізгені үшін пара алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс