АДБ Қазақстанда қаржыландыруды кеңейтеді - Тоқаев Заңға қол қойды

kaztag.kz
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АДБ арасында серіктестік туралы келісімге 2019 жылдың 27 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.

Мемлекет басшысы "Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АДБ арасында серіктестік туралы келісімге 2019 жылдың 27 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.

Келісім мемлекеттік кепілдікпен қарыздар тартуда АДБ саясаты мен ережелерінің қолданысы бойынша стандарттарды белгілейді. Бұл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы, тауарларды мен қызметтерді сатып алу, экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек нормалары, төлемдер, ақпарат ашықтығы, гендерлік даму бойынша саясат пен ережелер.

Алдында айтылғандай, мемлекеттік кепілдік бойынша берілген несиелерге қатысты қолданылатын бұл жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтеді.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды