Алматы облысында тағы бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

kabar.kg
Жалпы, ол кісімен тығыз байланыста болған 33 адам анықталды, бастапқы инфекция жұқтырушы анықталуда, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Алматы облысының Панфилов ауданында тағы бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

1942 жылғы науқас Қоңырөлең ауылында тұрады. КВИ зейнеткерден жыл сайын ауруханаға жатып, ем алу кезіндегі жоспарлы тексеруде анықталды. Ол өзінің коронавируспен ауырған науқастармен байланысы болмағанын айтады. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, шағымдары жоқ, жүру кезінде аздап ентігеді, дене қызуы - 36,5, зейнетке әжей Еңбекшіқазақ ауданындағы ауданаралық көпсалалы аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, ол кісімен тығыз байланыста болған 33 адам анықталды, бастапқы инфекция жұқтырушы анықталуда, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирусты жұқтырудың 191-ші жағдайы тіркелген, олардың 106-сы емделіп, сауыққан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған