"Банк Хоум Кредит" мақтааралдықтарға кредит бойынша төлем мерзімін ұзартады

Банк Хоум Кредит
Банк өтінішті растайтын құжаттарсыз қарайтын болады.

Түркістан облысы, Мақтарал ауданында болған су басу апатына байланысты банк өз клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Зардап шеккен аудан тұрғындары кредит бойынша төлем мерзімін 2 айға дейін кейінге қалдыра алады*, деп банктің сайтында жазылған.

Төлем мерзімін қалай ұзартуға болады?
Төлем мерзімін ұзарту үшін клиенттерге банкке жүгіну қажет. Төлем мерзімін ұзартуға өтінімді Банк бөлімшесіне бармай-ақ:

1) Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасындағы онлайн тілдесу жүйесінде;
2) +7 771 724 12 40 нөмірі бойынша WhatsApp-та;
3) 7979 нөмірі бойынша Call Center арқылы;
4) client@homecredit.kz электрондық поштасына өтініш** жолдау арқылы беруге болады.

Өтінішті банк бөлімшесінде де беруге болады. Алайда коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін банк сізден бөлімшеге бармастан өтінішті онлайн режимде беруді сұрайды.

Қандай құжаттар қажет?
Банк өтінішті растайтын құжаттарсыз қарайтын болады. Банкке тек жүгіну қажет. Банк барлығын өз тарапынан орындайды.

Барлық тұлғалар төлем мерзімін ұзарта алады ма?
Кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ Мақтарал ауданының тұрғындары төлем мерзімін ұзарта алады.

Төлем мерзімін ұзарту кезеңінде сыйақы есептеледі ме?
Жоқ, банк клиенттерге сыйақы есептемейді.

*Кредит карточкалардан басқа.
**Өтініш «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Карел Горактың атына қолмен жазылады. Өтініште ТАӘ, кредит шартының нөмірі, ағымдағы күн көрсетіледі және оған қол қою қажет. Әрі қарай өтінішті, жеке куәлікті екі жағынан суретке түсіріп, осы суреттерді көрсетілген электрондық мекенжайға жіберу керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды