Қадір түні: 19 мамырдағы мешіттердің жұмыс кестесі

yandex.ru
19 мамырда мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Түнде мешіттер жабық болады.

15 мамырда елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін мешіттерде атқарылатын шаралар туралы, құлшылық үйіне келуші азаматтарға қойылатын талаптар жайында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz муфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір кешін үйде өткізуге шақырды.

"Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Түнде мешіттер жабық болады. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара" деп атап өтті Бас мүфти.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті