Қалалар арасындағы блоек-бекеттер әлі алынбайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, біздегі аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Сондықтан, әр аймақтағы жағдайды жекелей бақылауда ұсталуда, бұл науқасты анықтап, онымен байланыстағы адамдарды тез табуға тиімді мүмкіндік береді, оларды бүкіл ел бойынша іздеуден гөрі.
"Қалалар арасындағы блоек-бекеттер сақталады. Бүгіндері біз оларды алып тастауды жоспарлап отырған жоқпыз. Мысалы, қазір КВИ жұқтырушылар Шымкент қаласы және Атырау облысында көптеп тіркеліп жатыр, ал қазір карантиндік шаралар жұмсартылып, блоек бекеттер алынса, онда дерт Шымкенттен Түркістан облысына, ал Атырау облысынан көршілес аумаққа тасымалданып кете барады", - деді Сұлтанғазиев Facebook желісіндегі онлайн-брифингте.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қалалар арасында автомобильдердің жүрісіне рұқсат беру мәселесі де қарастырылмайды.
"Ондай мәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Бүгінде адамдар көптеп аймақтарға көлікпен қатынай бастаса, онда біз оның қайда, кіммен байланыста болғанын білмейміз. Сондықтан ондай үлкен тәуекелдерге бас тігу біздің жоспарда жоқ", - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі комитетінің басшысы.