Тоқаев Бейсен Құранбектің отбасына қайғырып, көңіл білдірді

Facebook
Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді - Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді. "Қазақстан" ұлттық телеарнасындағы "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтың алғысын алды. Ол Алматы облыстық "Жетісу" арнасының директоры ретінде білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы екенін де көрсете білді. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!", – делінген жеделхатта.

Айта кетсек, 18 мамырда 49 жастағы белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден озды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері, сонымен бірге Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атағына ие.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады