Тәрбиешілер мен мұғалімдер жалақысына үстемеақы қосылады

видеодан кадр
Асхат Аймағамбетов балабақша мен колледж директорлары мен олардың орынбасарлары да аттестациядан өтетінін айтты.

Биыл қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтерінің жалақысына 30 бен 50 пайыздың аралығында үстемақы қосылады. Мұндай жаңалықпен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті.

Еліміздің бас ұстазының сөзінше, қосымша қаржы қосылу үшін олар арнайы аттестациядан өтеді. Мектепке дейінгі және кейінгі мекеме тәлімгерлерінен бөлек, орта білім жүйесіндегі ұстаздарды қосқанда жалпы саны 100 мың мұғалім өз білімін арнайы тест кезінде дәлелдеуі тиіс.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым минситрі:

"Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс".

Асхат Аймағамбетов балабақша мен колледж директорлары мен олардың орынбасарлары да аттестациядан өтетінін айтты. Жақсы нәтиже көрсеткендердің жалақыларына 30-дан 100 пайызға дейін үстемақы қосылады. Ал, қыркүйекте басталатын шара елдегі эпедимиялогиялық жағдайға байланысты бірнеше жетіге емес, үш айға созылады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әшімбаев: Тоқаевтың реформалары ескі әлемдік тәртіп күйреп жатқан жағдайда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Ердоған Тоқаевты Антальяға шақырды

Актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды

25 наурызға арналған ауа райы болжамы: жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі

Шымкент зообағында жаңадан туған аландарға ат қойғыңыз келе ме