Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 19 жағдайы тіркелді

Жалпы, Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 238 жағдайы анықталды.

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 19 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, КВИ бойынша 12 оқиға Талдықорған қаласында, 4-еуі Кегенде, Талғар қаласында - 2, Қарасай аудандарында 1 жағдай тіркелді.

19 науқастың 16-сы скрининг кезінде, ал 3-еуі медициналық мекеме қызметіне жүгінген кезде анықталды. Науқастардан ПТР талдау нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлық науқастар бұрын оқшауланған болатын, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Коронавирус инфекциясына зертханалық тексеруден өткізіліп, оқшауланатын олармен тығыз байланыстағы тұлғалар анықталатын болады. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, 20 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 238 жағдайы анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: