Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, 2009 жылы Д.А.Қонаев университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында ұста, аға ұста болып бастады, 1992 жылдан 2005 жылға дейін - жеке сектор мен коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерде, 2005-2008 жылдары -Алматы қаласының сәулет-құрылысты бақылау басқармасының бас маманы, сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы, 2009 - 2011 жылдары - "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы" АҚ департаментінің директоры, "Қорғас " ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы.
2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Алматы қаласы Сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, 2013 жылдан 2014 жылға дейін - ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 жылдан 2017 жылға дейін - Экономикалық инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры. ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс индустриясын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту департаментінің директоры.
2017 жылдың қарашасынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.