ШҚО-да шетелден келген 4 адамнан COVID-19 анықталды

2020 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша ШҚО аумағында COVID-19 инфекциясының 66 жағдайы тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді. Төртеуі де сырттан әкелінген, деп хабарлайды zakon.kz.

1991, 1957, 1992 және 2012 жылғы адамдардан алынған ПТР талдауы COVID-19-да оң нәтиже көрсетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Уба автокөлік өткелі арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 1957 жылғы зейнеткер шетелден келуші ретінде тексерілді. Ол Новосібірден тұрақты мекені Өскеменге бет алған.

1991 жылғы науқас та шетелден келуші ретінде тексерілген. Ауыл автожолы арқылы ол мемлекеттік шекарадан өтіп, Горняк қаласынан тұрақты мекені - Семей қаласына бағыт алған.

1992 жылғы келіншек те осы Ауыл шекарасы арқылы мемлекеттік шекарадан өткен кезде тексерілді. Ол 2012 жылы туған баласымен бірге Владивостоктан келе жатқан, тұрғылықты мекені - Алматы облысы, Үштөбеге бара жатқан,

Барлық науқас ШҚО Шемонаиха ауданына карантинге жіберілді. Алдын-ала эпидемиологиялық тергеу нәтижелері бойынша, олардың 3 жақын байланысы бар 1 індет ошағы анықталды.

Эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

2020 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша ШҚО аумағында COVID-19 инфекциясының 66 жағдайы тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: