Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блоек-бекетте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы жағдайда қаза тапқан полиция қызметкерлері соңғы екі айда төтенше жағдай кезеңінде қатаң режимінде жұмыс атқарды. Қызметке күн сайын кірісе отырып, олар карантиндік шараларды және қоғамдық тәртіп күзетін қамтамасыз етті, - деді министр.
Ол аға лейтенант Жарас Жанғазиев Алматы қаласының патрульдік полиция полкінің инспекторы болып жұмыс істегенін атап өтті.
19 жыл ішінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, тамаша жұмысы үшін бірнеше мәрте мадақталып, соның ішінде ведомстволық наградаларға ие болған. Көптеген жас полиция қызметкерлері үшін ол тәлімгер және үлгі бола білді. Жарас Жанғазиев тек өз саласының маманы ғана емес, сонымен қатар үлгілі отағасы. Оның екі қызы және әйелі бар, олар үшінші баласын күтіп отырған еді.
Министр полиция сержанты Дастан Әбдіқанов төрт жыл бойында жауапты, принципиалды және қызметін жақсы атқаратын қызметкер ретінде өзін көрсете білгенін атап өтті. Ол бар күшін азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнап, болашаққа үлкен жоспарлар құрды. Ол былтыр ғана отбасын құрған, бір ай бұрын олардың түңғыш қызы дүниеге есігін ашты.
"Өкінішке орай, қайғылы оқиға олардың өмірін жалмады. Екі қызметкер де үздіктер қатарында болатын және біздің еліміз үшін әлі де берері мол еді. Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкерлері туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Біздің барлығымыз үшін бұл орны толмас шығын. Полиция қызметі - әрқашан өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Осыны саналы түрде біліп, қабылдай тұра біздің қатарымыз жыл сайын жүрек қалауымен, асыл арманмен халқымызға адал қызмет ету үшін, азаматтарымыздың құқықтарын қорғау және қылмыспен күресу үшін жүздеген тәртіп сақшылары келіп қосылады. Бейбіт уақытта әріптестерімізді жоғалту, әрине бізге де өте ауыр", - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.