1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды - толық тізім

Пойыздар да біртіндеп, үш кезеңде жолға шығады.

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынасын қайта бастау жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары 2020 жылы 1 маусымнан жүре бастайды.

Бастапқы кезде 54 пойыз жүреді, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;
Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай;
Кызылорда – Семей, Көкшетау, Петропавл;
Қостанай – Қарағанды; Арқалык;
Қарағанды – Жезқазған;
Қызылорда – Көкшетау, Петропавл,
Маңғыстау – Ақтөбе бағыттары және қала маңы қатынастары.

Екінші кезеңде 10 маусымнан бастап 39 пойызды жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан - Алматы, Атырау-Достық, Орал, Айсары, Шымкент; Алматы - Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;
Атырау - Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан бағыттары және қала маңы бағыттары.

Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде:

Алматы - Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосибирск, Қазан;
Нұр-Сұлтан – Челябинск;
Қарағанды - Мәскеу, Омск, Томск; Атырау-Астрахань бағыттары.
Қазіргі кезде жолаушылар билеттері сатылып жатыр (ағымдағы жылы 15 мамырдан бастап).

Барлық инфраструктуралық объектілер санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын.

Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: