Қазақстан мен Өзбекстан трактор құрастыра бастайды

lsm.kz
Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 12 млн долларды құрайды.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жолға қойылуы мүмкін. Жобаның құны шамамен 12 млн долларды құрайды, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімдігінің ақпаратынша, әкімдік, "Узагротехсаноатхолдинг" және Orbis Kazakhstan арасында инвестициялық келісімдер мен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасының жол картасы жасалған. Жоба Turkistan индустриалдық аймағындағы Brownfield алаңында жүзеге асырылады деп жоспарланған. Жүзеге асырылуы үш кезеңге бөлінген.

"Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 12 млн долларды құрайды. Өндіріс толық қуатына шыққанда шамамен 100 жұмыс орны ашылады", – делінген хабарламада.

Кәсіпорында болашақта қуаты 110 аттың күшін құрайтын әмбебап жер жыртатын трактор, қуаты 80 атқа тең мақта шаруашылығына арналған машина, 4 тоннаға дейін көтеретін трактор прицептері, роторлы шалғы, вентиляторлы бүркуіш, қопсытқыш пен түрлі соқалар құрастырылмақ.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ел бойынша 185 мың дана ауыл шаруашылығы техникасының орта есеппен 76% тозған дейді. Ал облыста 19 мың дана техниканың 83-і тозған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз