ШҚО әкімі үйлену тойларына рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр

olx.kz
Кәсіпкерлер мен санитарлық қызметтер бірлесе отырып, отбасылық салтанат және еске алу шаралары кезінде азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жұмыс алгоритмін әзірлеуі тиіс - Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысында 3 маусымнан бастап облыста кәсіпкерлік және өзге де қызметтің барлық түрлері, кинотеатрлар мен театрлар 50% сыйымдылықпен жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Алтай жаңалықтары.

Осындай талаппен қоғамдық тамақтану нысандары да жұмыс істейді. Алайда үлкен іс-шаралар өткізуге болмайды.

"Осы ретте айта кетейін, сіздерден үйлену тойлары мен ас өткізу туралы өтініштер көп түсуде. Мен бір апта ішінде ұсыныстарды жинақтауға тапсырма бердім. Кәсіпкерлер мен санитарлық қызметтер бірлесе отырып, отбасылық салтанат және еске алу шаралары кезінде азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жұмыс алгоритмін әзірлеуі тиіс", - дейді Ахметов.

Сондай-ақ, 6 маусымнан бастап Семейде ойын-сауын орталықтары ашылатыны белгілі болды.

"Ал, 6 маусымнан бастап, Семей қаласында түнгі клубтарды, кальян тарту орындарын қоспағанда, кәсіпкерлік және басқа да қызметтің барлық түрлерін ашу туралы шешім қабылдадық. 2000 шаршы метрден аспайтын ірі сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтары іске кіріседі", - дейді облыс әкімі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды