Биыл Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты іске қосылады

oko-planet.su
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1 млн тонна өнім болады.

Биыл Түркістан облысында 114 млрд теңгеге мұнай өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды zakon.kz LS басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық инвестиция және экспорт басқармасы мәлімет берді.

Қазір мұнай өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Ал зауыттың ашылуы 2020 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр. Жобаның құны 114 млрд теңге.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1 млн тонна өнім болады. 400 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жобаны Батыс Қазақстан облысында да жүзеге асыру жоспарланған. Мұнайды терең өңдейтін ол зауыттың құны 420 млн долларға бағаланған. Ал Қызылорда облысындағы осындай жоба 4,1 млрд теңгеге бағаланған. Зауыт қуаты жылына 300 тонна шикі мұнайды құрайды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 2021 жылдың соңына дейін жанармай өндірісін кеңейту жоспарланған. Ол жоба әзірге 12 млрд теңгеден астам сомаға бағалануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы