Коронавирустан көз жұмған қарағандылық ер адам туралы мәлімет

us.azattyq-ruhy.kz
Ол 62 жаста болған.

Қарағандыда ер адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұмның жасы 62-де.

Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, науқас ауруханаға келіп түскенде дене қызуы 38,7 градус болған, демігіп, тыныс алуы қиындаған, ауыз жаппай жөтеліп, бойынан әлі кеткен. Талдау нәтижесі көрсеткендей, оның ауруы асқынып, коронавирустың ауыр деңгейінде болды: тыныс алу жолдарының төменгі тұсы зақымданған, екі жақты пневмония.

Ер адамда респираторлық стресс синдромы, 3-дәрежелі жедел респираторлық ауа жетіспеушілігі, жұқпалы токсикалық шок болды, көптеген ағза мүшелерінің қызметі бұзылған.

Одан бөлек науқаста - 2 типті қант диабеті, диабеттік нефропатия, созылмалы бронхит, 3 дәрежелі артериалды гипертензия және басқа ауру түрлері болған.

Қарқынды жүргізілген ем-домдарға қарамастан ер адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев