Атырау облысында КВИ-дан көз жұмған зейнеткер әйел туралы мәлімет

bashinform.ru
Науқасты аудандықтан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға ​​дайындап жатқанда жағдайы күрт нашарлап кетті.

Атырау облысында коронавирустан осымен үшінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрманғазы ауданының 72 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырып, қайтыс болды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зейнеткер әйел - Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылының 1948 жылғы тұрғыны. Науқас екі өкпенің пневмониясымен Орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. КВИ-ден бөлек онда артериалды гипертензия, тамыр генезі энцелопатиясының асқынған түрі, бауыр ауруы, созылмалы панкреатит сынды қосалқы дерті болған.

Науқас 4 маусымда анализ тапсырып, 6 маусымда онда КВИ диагнозы расталды.

Науқасты аудандықтан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға ​​дайындап жатқанда жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізді, бірақ ол нәтиже бермей, науқас қайтыс болды, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

7 маусымда Қазақстанда COVID-19 бойынша 3 кісі өлімі тіркелді.

Жалпы, Қазақстанда COVID-19-дан 56 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі