IATA Нұр-Сұлтан әуежайының кодын ресми түрде өзгертті

nn-airport.kz
8 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайына NQZ жаңа коды беріледі.

2014 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) тағайындаған Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша белсенді жұмыс жүргізілген, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бүкіл әлем бойынша әуежайларға бір рет және тұрақты негізде код беру жөніндегі IATA қағидаларына қарамастан, қазақстандық тарап бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізді.

IATA өкілдерімен бірлесіп әуежайлардың кодтарын тағайындау және өзгерту бойынша IATA тәсілдеріне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер 2019 жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) IATA-ның барлық мүшелерінің қатысуымен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) кездесуінде қолдау тапты.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 8 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайына NQZ жаңа коды беріледі, ол барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода көрсетілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды