Қазақстанда "қалып кеткен" шетелдіктердің визасы 10 шілдеге дейін ұзартылды

newtimes.kz
Құжатының уақыты өткені үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Төтенше жағдай кезінде Қазақстан аумағында жүрген шетелдіктердің визасы 10 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдай кезінде барлық көліктер тоқтап, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы билік мекемелері, ақыры халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы, өкінішке орай, толықтай тоқтады. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен барлық құжаттарды 60 күнге ұзартамыз деп шешті. Яғни, 10 шілдеге дейін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды және олар Қазақстан аумағында мекен-жайларын өзгерте алады және уақыты өткен визасымен елден ұшып кете алады, - деді министр.

Сонымен бірге министр бұл мәселеге қатысты сауалы бар адамдарға көші-қон қызметінен қосымша кеңес алуға кеңес берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады