ҚР ІІМ көрсететін қызметтердің 83% электронды форматқа ауысты

ҚР ІІМ
2019 жылы жалпы 24 млн 483 мың қызмет көрсетілді.

Халықтың сенімі – полиция жұмысының негізгі бағасы. Сол үшін Ішкі істер министрлігі ақпараттық технологияларды енгізуде, деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, қазір қағаз анықтамаларды жойып, барлық мемлекеттік қызметтерді электронды жүйеге көшіру жұмысы жүріп жатыр.

- 2019 жылы жалпы 24 млн 483 мың қызмет көрсетілді. Бұл біріншіден, сыбайлас жемқорлықты жояды. Екіншіден, қарапайым азаматтардың уақытын үнемдейді. Үшіншіден, "Электрондық Үкімет" порталы арқылы үйде отырып мәселесін шешеді. Біз мекен-жай анықтамаларын беруді тоқтаттық. Бұрын осы анықтаманы алу үшін жылына 10 млн адам кезекте тұратын, - деді ол.

Тұрғымбаевтың сөзінше, ішкі істер министрлігі көрсететін қызметтердің 83% электронды форматқа ауысты.

- Осы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, елімізге уақытша келген шетелдіктер тіркеуден өтпейді. Шақыру бергендер көші-қон қызметіне өздері хабарласуы тиіс. Жыл соңына дейін көші-қон саласы бойынша тағы бірнеше қызмет түрі "онлайн жүйеге" көшеді. Нәтижесінде, 200 қызметкерді басқа жұмыстарға жібереміз. Қызметкерлер мен азаматтардың арасында тікелей байланыс болмауы үшін автоцондағы тіркеу-емтихан бөлімдерін жауып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бердік. Жүргізуші куәлігі, нөмір беру, көлікті тіркеу, сынақ тапсыру барлығы сол орталықтарда жүзеге асады. Бұл сыбайлас жемқорлықты болдырмайды. Автоматтандыру жүйесін 91% жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деп қосты министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды