Флойдтың жерлеу рәсіміне АҚШ-та полиция қолынан қаза тапқан барлық адамдардың туыстары келді

Godofredo A. Vásquez/Houston Chronicle
Полиция қызметкерлері қолынан қазақ тапқан басқа қара нәсілді адамдардың да туыстары жерлеу рәсіміне қатысты.

Сейсенбі күні Хьюстон қаласының маңындағы елді-мекенде полиция қолынан қаза тапқан афро нәсілді америкалық Джордж Флойдтың жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Флойдтың денесі туған қаласына жеткізілді. Марқұммен қоштасу рәсімі The Fountain of Praise баптист шіркеуінде өтті, онда шіркеу қызметкері және қара нәсілділердің құқығы үшін күресуші-заңгер кіші Альфред Чарльз Шарптон сөз сөйледі. Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың көптеген беделді тұлғалары қатысты, оның ішінде АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті және президент Дональд Трамптың алдағы сайлаудағы басты қарсыласы, демократ Джо Байден де болды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қолынан қазақ тапқан басқа қара нәсілді адамдардың да туыстары жерлеу рәсіміне қатысты.

Мемориалдық қызмет аяқталғаннан кейін Флойдтың денесін көтерген ер адамдар полиция көлігінің шығарып салып жүруімен Хьюстон мемориалды бақтары зиратына бет алды.

Зиратқа бір миль қалғанда алтын жалатылған табыт ат арбаға салынды. Флойд марқұм анасының қасына жерленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні